387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамақ, киім, қызмет түрлерінің бағасы аспандап тұрғаны жалған емес – Президент

  • 134
  • UPD: 15:34, 02.09.2019

Қазақстандағы әуе қатынасының бағасы халық үшін қолайсыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені көтерді.

Президенттің айтуынша, негізгі әуе компаниядағы баға кейбір Еуропа елдеріне қарағанда 30 процентке қымбат. Саланың бәсекеге қабілеттілігін азайтатын тағы бір мәселе отын шетелдік әуе компанияларына отандық тасымалдаушыларына қарағанда қымбаттау сатылады. Президент еліміздегі табиғи монополистердің жұмысын реттеу маңызды деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үкіметке елдегі жалпы баға нарығы мен тариф жайын шешуді тапсырамын. Қазір азық-түлік, киім-кешек пен түрлі қызмет ақысы аспандап тұрғаны жалған емес. Әуе және темір жол саласындағы баға халыққа қолайлы әрі қолжетімді болсын.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы