387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Әшімбаев: Жолдау бизнесті дамытуға мүмкіндік береді

  • 144
  • UPD: 22:37, 02.09.2019

Мемлекет басшысының жолдауы қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев осылай деді. Ол әсіресе, мемлекет басшысының микро және шағын бизнесті 3 жылға салықтан босату мен оларды тексеруді тоқтату туралы ұсынысын атап өтті. Бұл шаралар кәсіпкерлікті дамытуда маңызды рөл ойнайды, дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі:

– Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауда қазір кәсіпкерлер көтеріп жатқан ең өзекті мәселенің бірін сөз етті. Бұл – экономиканы несиелеу. Соңғы жылдары заңды тұлғаларға несие беру деңгейі төмендеген. Несиесіз экономика дами алмайды. Сондықтан Үкіметке, Ұлттық банкке осы мәселені қарастырып, кәсіпкерлерді қолжетімді әрі ұзақмерзімді несиемен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді. Жалпы бизнесті қолдау тұрғысынан алып қарасақ, жолдауда жаңашылдық өте көп деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы