387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азық-түлік бағасы қашан реттеледі?

  • 146
  • UPD: 22:40, 02.09.2019

Ілгерілеушіліктер көп болғанмен, бағада байлам жоқ.

Мұны Президент те өз жолдауында айтты. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында жұмыртқа бірден 80 теңгеге қымбаттап, он данасының бағасы 340 теңгеге жеткен. Саудагерлердің айтуынша, бағаны өндірушілердің өзі көтеріп отыр.

Бұған олардың коммуналдық шығыны мен құстың жем азығы себеп болған. Нарықта тағы не қымбаттады?

Базар күні болмаса да, сауда қызып тұр. Бәрінің байқайтыны – баға. Ет – 2 мың теңге, сүт – 200 теңге. Жеміс-жидек қол ұстатпайды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– СҚО-да жеміс-жидектің бағасы қымбат. Мәселен, қарбыздың келісі – 55 теңге, қауын – 250 теңге, шабдалының келісі 600 теңге, жүзім 550, алма 600, апельсин 700, банан 550 теңгеден сатылып жатыр.

Өңірде соңғы бір айда жұмыртқаның бағасы шарықтап кетті. Қазір кішкентайы – 240, ал ірісі 340 теңгеден сатылып жатыр. Басқа да өнімдердің бағасы аспандап тұр.

Өңірде тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қазір онда сәбіз, қырыққабат, пияз жоқ. «Бұл көкөністер күзде сатып алынады», - дейді мамандар.

Ләззат Ғалеева, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы сауданы дамыту бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында күріш, қант, сұйық май, макарон бар. Олар сауда нүктелерінде сатылады. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілермен 150 тонна қырыққабат сатып алу жөнінде келісім жасалды.

Өңірде азық-түлік бағасын бақылайтын арнайы топ құрылған. Олар сауда орындарында апта сайын мониторинг жүргізеді. Бірақ баға байлаусыз.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы