386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Қытай елімен 55 бірлескен жобаны жүзеге асырмақ

  • 194
Қазақстан Қытай елімен 55 бірлескен жобаны жүзеге асырмақ

Қазақстан мен Қытай елдерінің экономикалық байланысы нығая түседі.

Екі ел үкіметтері арасындағы бірлескен комиссия ынтымақтастық жөнінде біріккен бағдарлама құрған. Қытаймен еліміз машина жасау, ауыл шаруашылығы, химия-фармацевтика, мұнай-газ, энергетика салаларында 55 бірлескен жобаны жүзеге асырмақ ниетте. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құны 19,6 млрд доллар болатын 27 бірлескен жобаны қолға алған. Бұл жобалар жүзеге асса, 15 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Айта кету керек, барлық жобаларды қазақстандық тарап таңдап, тиісті мемлекеттік сараптамадан өткізген.

Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– Бүгінгі таңда басқа да мемлекеттік органдармен бірге Қытай-Қазақстан жобаларына мониторинг жасап жатырмыз. 7 жоба ауылшаруашылық, 20 жоба энергетика министрлігіне қарасты. 1 жоба – «Астана» қаржы орталығының жобасы.

Хабар 24 телеарнасы