386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалақының 15%-ін зейнетақы қорына аудару әлі ерте - экономист

  • 118
  • UPD: 09:51, 03.09.2019

Ол үшін ең алдымен бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысын өсіру қажет.

Шағын және орта бизнес саласында да жалақы ұлғайса игі. «Өйткені жұмыс беруші қаржылық қиындыққа ұшырамауы шарт», - дейді экономикалық сарапшы Мақсат Халық 

Мақсат Халық, экономист:

- Ал енді 2023 жылға дейін мақсатты түрде елдің, мұғалімдердің, дәрігерлердің мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 30%-ке не болмаса одан жоғары өсіретін болсақ, осы қосымша 5%-ті ұстап отыру ол мүмкін болады. Ал, енді 10%-тен гөрі 15%-ке аударатын болса, онда халық та тиіcінше кәрілікке қажетті қомақты қаражатты жинақтап үлгіреді.

Хабар 24 телеарнасы