387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 1 млн 200 мың шағын бизнес субъектісі салықтан босайды

  • 96
  • UPD: 13:17, 03.09.2019

Елімізде 1 миллион 200 мыңнан астам шағын және микро бизнес субъектісі үш жылға табыс салығынан босайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұлай болған жағдайда экономикалық тұрғыда тиімділік азаймай, бюджет көп шығынға ұшырамайды. Арнамызда эфирге шығатын «Круглый стол» бағдарламасында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов жаңа салықтық реформаның жай-жапсарын түсіндірді. Оның айтуынша, шағын және микро бизнес компанияларында 3 миллион адам еңбек етеді. Бұл мекемелер салықтан түсетін пайданың 8,4%-ін қамтамасыз етеді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Бұл жеңілдік шағын және микро бизнес субъектілерінің барлығына жасалмайды. Мәселен, жер қойнауын игеру саласындағы компаниялардың салық төлемей жұмыс істеуі мүмкін емес. Себебі, пайдалы қазбалар мемлекеттің иелігінде және одан тиісті пайда түсіп отыруы шарт. Дегенмен, бұл салықтық реформаның игілігін көретіндер аз болмайды.

Хабар 24 телеарнасы