385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Кәсіпкерлерді 3 жылға салықтан босату бизнестің жолын ашады

  • 234
  • UPD: 16:30, 03.09.2019

Елімізде шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар үш жылға салықтан босатылады.

Бұл жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында тілге тиек етті. Сонымен қатар келесі жылдың қаңтар айынан бастап, микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салынады. «Мұндай шаралар өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, бизнесін домалатып, жұмыс орындарын ашуға жақсы мүмкіндік береді», - дейді бизнес қоғамдастығының өкілдері.

Серік Санаубаев, облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

- Салықты қайдан алуымыз керек, шағын бизнестен орта бизнеске барғаннан кейін барып, сол жерден алуымыз керек. Өйткені орта бизнес аяғына тік тұрған, өзінің болашағына сенімді және клиенттері бар. Бизнесмен деген ол тек қана өнімді шығарумен, қызмет көрсетумен айналысу керек. Басқа нәрселердің барлығы Үкімет бар, бизнес саласына қарайтын өкілдіктер бар бәрін біз өзіміздің қолымызға алуымыз керек

Хабар 24 телеарнасы