389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рахман Алшанов: Халық қаржылық сауаттылығын арттыру керек

  • 227
Рахман Алшанов: Халық қаржылық сауаттылығын арттыру керек

Азаматтардың зейнетақы қорында жиналған қаржысын өз игілігі үшін алуына болады.

Бірақ бұл мәселе ҚР Ұлттық банкі мен қаржы министрлігінің сараптауынан өтуі керек. Ел азаматтарының бұл қаражатты баспана алуына немесе білімге жұмсауға деген ұмтылысы түсінікті. Өйткені ол – өз қаржысы. Дегенмен оны жан-жақты қарастыру қажет. Халық ысырапшылдықты қойып, алдымен қаржылық сауаттылығын арттыру керек. Ақша тез жұмсалады, дейді экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов. 

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы:

– Осы көптен бері айтылып жүр. Бірақ Ұлтық банкпен Қаржы министрлігі санап шығу керек. Қанша? Ертеңгі күні аларын алып алып, зейнетке шыққан кезде алатын ақша жоқ, бәрі жұмсалып кетті дегендей. Кім төлеуі керек? Шектен шығып кетпеу керек . Жұмсарын жұмсап алып, айға қарап отыратындай болмасын. Сондықтан бұл шешімдер біраз елдерде бар. Дұрыс шешім табуға болады.

Хабар 24 телеарнасы