386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Қасымбек Қытайдың жобалары туралы ел аузындағы ақпаратқа түсініктеме берді

  • 172
  • UPD: 14:26, 05.09.2019

Шетелдік инвесторлардың қаржысына салынатын кәсіпорындар еліміздің экологиялық талаптарын сақтауға міндетті. Заңды бұзғандар жауап беретін болады.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты. Жалпы шетел инвесторларының қатысуымен 650 жоба іске асатын болса, оның жартысынан көбі Еуроодақ елдеріне тиесілі. Көршілес Ресеймен бірлескен 111 жоба жоспарланған. Ал Түркия елі 80 жобаға қаржы құяды. Қытай мемлекетімен құны 3,9 млрд доллар болатын 55 жобаны іске асыру туралы келісім жасалған. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, шетелдік жобалардың барлығы іске асқан кезде 20 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады. Олардың 95 проценті өз еліміздің азаматтары болады. Қытай елінің жобаларына қатысты ел арасында тараған ақпараттардың жалған екенін айтқан вице-премьер басқа мемлекеттермен салыстырғанда, Қытай үлесінің көп еместігін жеткізді. Сондай-ақ жергілікті жұмысшылардың құқығының қорғалатынын айтты. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: 

- 55 жобаның ішінде 15 жоба іске қосылды. Әртүрлі экономиканың секторларында, оның ішінде ауыл шаруашылығы бар. Металлургия, химия, мұнай-газ, көлік-логистика салалары бар. 16,2 млрд АҚШ долларына 135 жоба жүзеге асты. Оның ішінде 133 жоба Еуропалық Одақ елдерімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Хабар 24 телеарнасы