389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев «Лукойл» мұнай компаниясының президенті В.Алекперовпен кездесті

  • 167
  • UPD: 22:10, 05.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласын дамытуға арналған жиыннан кейін «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті.

Екіжақты кездесуде ресейлік компанияның елімізде жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтылды. Кейін тараптар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– «Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын.

Вагит Алекперов, «Лукойл» мұнай компаниясының президенті:

– Біз Алматыда қуаттылығы 100 мың тонналық майлау материалдарын өндіретін зауыт аштық. Кәсіпорын жағармай материалдарының барлық түрін, атап айтқанда 600 өнімді түрлі атаулармен шығарады.

Хабар 24 телеарнасы