387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения сарапшылары еліміздегі ШОБ туралы пікірімен бөлісті

  • 121
  • UPD: 13:08, 08.09.2019
Армения сарапшылары еліміздегі ШОБ туралы пікірімен бөлісті

Армения сарапшылары 2020 жылдан бастап Қазақстанда шағын және микробизнес үшін салық төлемдерін алып тастауды орынды шешім деп атаған.

Елінің өнімдерін сыртқы нарықтарда өткізумен айналыстаны компанияның құрылтайшысы Анна Беклярова өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің маңыздылығын жақсы біледі. Оның айтуынша, Қазақстанда бизнес-ортадағы қолайлы жағдай бір одаққа кіретін Арменияға да тиімді. Еуразиялық экономикалық одақтағы өзара әрекетесудің маңызды бір тұсы мемлекеттер арасында сауда айналымын өсірту болып отыр. Осыған байланысты Тоқаев Жолдауында экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетін ерекше атап кетті. Қазан айында Ереванда «Промэкспо» көрмесі өтеді. Бұл жаңа нарықтарға шығаратын сауда алаңдарының бірі.

Анна Беклярова, экспорттық компанияның құрылтайшысы:

- Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында өзара ынтымақтастық аясында біз Армениядағы тұңғыш сатып алу алаңын құрдық. Одаққа мүше елдерден кем дегенде түрлі салаларда істейтін 5 дистрибьюторды шақырдық. Бұл ашық келіссөздер өтетін алаң болады. Қазақстан өкілдерін де шақырғымыз келеді. Менің ойымша, бұл өте қызық көрме болады. Оған қатысушылар іскер форумда өз пікірін білдіруге мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы