387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО кәсіпкерлері Президент жолдауын зор ықыласпен қарсы алды

  • 121
  • UPD: 17:39, 08.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауын Солтүстік Қазақстандық бизнесмендер зор ықыласпен қарсы алды.

Мәселен, Айтықан Қалғаева есімді кәсіпкер «ісін енді ашқан кәсіпкерлерді үш жылға салықтан босату – үлкен қолдау» деп есептейді. Оның үстіне бұл- ел экономикасының дамуына да ықпал етеді деген пікірде. Айта кету қажет бүгінгі күні өңірде шағын және орта бизнеспен 30 мыңнан астам адам айналысады. Ал бұл көрсеткіш жолдауда көрсетілген жеңілдіктерден кейін тағы да артады деген сенім бар.

Айтықан Қалғаева, кәсіпкер:

- Жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер үшін, өте жақсы жағдайлар түсіп жатыр деп ойлаймын. Біздің жастарымыз енді ары қарай өздерінің жұмыстарын, бизнестерін өсіру керек, өндіру керек. Жұмыс істеу керек, сөздің қысқасы. Тағы да біз кәсікперлер палатасы жағынан өзіміз көмектерімізді беріп жатырмыз, информационно. Мен ойлаймын осы жеңілдіктердің бәрі тек ғана біздің кәсіпкерлерімізді өсіру, өндіру.

Хабар 24 телеарнасы