387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министрлік: Бағаны өсіргендерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады

  • 138
  • UPD: 13:13, 09.09.2019
Министрлік: Бағаны өсіргендерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Еліміздегі көкеністердің 30%-і дұрыс сақталмағандықтан пайдалануға жарамсыз күйде қалады.

Сондықтан ішкі саудадағы инфрақұрылымды дамыту өзекті болып тұр. Бұл мәселелер мемлекет басшысының жолдауын талқылауға арналған Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында айтылды. Тағы бір жаңалық, әлеуметтік маңыздағы тауарлардың құнын шекті бағадан асырған саудагерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал «Қазақстанда жасалған» арнайы белгісі бар азық-түліктер сөрелердің 30%-ін алып тұруы тиіс. Мұның бәрі отандық тауар өндірушілерді қолдап, тамақтардың бағасын тұрақтандыруға арналып отыр.

Азамат Асқарұлы, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

Біз қазір көкеніс пен жемістің бірнеше түрін экспорттаймыз. Бұл өз кезегінде инфляцияға тікелей әсер етеді. Мысалы, картопты сатсақ, оның бағасы біздің нарықта қымбаттайды. Етті де шетелдерге саудалаған кезде, нарығымызда еттің құны өседі. Сондықтан біз азық-түліктерді шикізат күйінде емес, өңдеп сатуымыз қажет. Сол кезде баға тұрақты болады.

Хабар 24 телеарнасы