387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қанша адамның қарызы кешірілгені белгілі болды

  • 235
  • UPD: 16:21, 09.09.2019
Елімізде қанша адамның қарызы кешірілгені белгілі болды

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ел азаматтарының несиесін өтеу міндеттелген. Бұл тізімге Қазақстан бойынша қанша адам енді? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков түсіндіріп берді.

«5 қыркүйекте Еңбек министрлігінен алынған тізімдер бойынша 20 тамыздағы жағдай бойынша 507 363 азаматқа қарыз бойынша банк пен микроқаржылық ұйымдардың теңгерімдерінде 105,17406 млрд теңге сомаға тұтынушылық кепілсіз несиелер бойынша өтеу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 263 525 адам – бұл жалпы санының шамамен 52%-ы, олар Жарлыққа сәйкес, әлеуметтік қиын жағдайда жүрген және 3 млн теңгеге дейін кепілсіз тұтынушылық несиелері бар, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы берешектері толық көлемде өтелді», - деді Олег Смоляков.

Жалпы, оның айтуынша, мемлекеттік қолдау өмірлік қиын жағдайға тап болған және кепілсіз тұтынушылық несиелері бар барлық қарыз алушылардың 98,4%-ын қамтыды.

«Үкімет қаулысына сәйкес бұл қарыздарды өтеудің белгілі бір кезегі бар. Бірінші кезекте сыйақының ең жоғары жылдық ставкасы бар қарыздар. Екінші кезекте сыйақының негізгі борышы бойынша ең жоғары берешегі бар қарыздар. Сонымен қатар, қарыз шартын жасасудың ең ерте күні бар микрокредиттер қарыздары бойынша берешек өтеледі. Яғни 3 млн теңгеге дейін қарызы бар барлық азаматтарға 300 мың теңге төленеді», - деп тоқталды О.Смоляков.

Бұдан бөлек, ол Президент Жарлығы бойынша қарызы өтелгендер тағы да несие ала алатынын мәлім етті.

«Қара тізім деген ұғым жоқ. Үшінші тұлғадан жеке тұлғалардың берешегін өтеу жүргізіледі. Бұл теріс фактор болып саналады. Бұл өтеу және бұл болашақта кредит алуға кедергі келтірмейді. Яғни қарызы өтелген азаматтардың болашақта несие алу мүмкіндігіне кері әсер етпейді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Елорда Инфо

Хабар 24 телеарнасы