387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шетелден келетін сапасыз тауарлармен күрес күшейеді

  • 144
  • UPD: 23:23, 09.09.2019
Елімізде шетелден келетін сапасыз тауарлармен күрес күшейеді

Елімізде шеттен келетін сапасыз тауарлармен күрес күшейеді. Оның ішінде импорттық өнімдердің тиісті тексерістен өтіп, оны растайтын құжатты алуы қатаң қағаланатын болады.

Өйткені жылдам табысқа кенелігісі келген кәсіпкерлер осы талаптарды айналып өтудің небір жолдарын тауып алған. Енді ұлттық акредиттеу орталығы осындай жағдайларды анықтап, қатаң шаралар қолданады. Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктері де айтылды. Оның ішінде әртүрлі бастамалар арқылы тауар сапасын арттыру ынталандырылмақ. Осы арқылы сапалы әрі арзан өнімдермен ішкі нарықты қамтып, экспортқа да ден қоюға болады дейді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда  және интеграция министрі:

- Біз отандық сапа стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес қайта қараймыз. Яғни техникалық реттеу арқылы елдегі өндіріс пен саудаға тың серпін беруге болады. Әсіресе қарапайым заттар экономикасына оның пайдасы зор. Осы арқылы импорттық тауарлар нөпіріне төтеп беріп, өз өнімдеріміз үшін үлкен нарыққа жол ашамыз.

Хабар 24 телеарнасы