385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері машина жасауда өндіріс көлемі 18%-ға артты

  • 100
  • UPD: 17:00, 12.09.2019
Жыл басынан бері машина жасауда өндіріс көлемі 18%-ға артты

ҚР Үкіметінің баспасөз алаңында өткен брифингте ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Ержанов машина жасау саласындағы жаңа тәсілдер мен ынталандыру бағдарламаларының арқасында тұрақты өсім байқалып отырғанын атап өтті. 

«Соңғы жылдары машина жасау саласында тұрақты өсім байқалып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты (1 089,8 млрд теңге)», – деді вице-министр.

2019 жылы жоғары өсім динамикасы сақталды. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасауда өндіріс көлемінің өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18% құрады. Сала құрылымында машина жасаудың қосалқы салаларының ішінде көбірек өсім динамикасын автомобиль жасау көрсетіп отыр (НКИ – 156,5%). Бүгінде Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттарының өндірісі жүргізілуде. Елімізде 167 автомобиль моделі құрастырылады, оның ішінде 39 жеңіл көлік моделі, 22 әлемдік бренд бар, деп хабарлайды primeminister.kz

Сонымен қатар А.Ержанов екі бес жылдықта автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласының драйверлерінің біріне айналғанын айтты. Ірі торапты құрастырудан (DKD) ұсақ торапты құрастыруға (CKD) көшу қолға алынды. Мысалы, шанақтарды дәнекерлеу мен бояу бойынша технологиялық операциялар енгізілді. 

Сонымен қоса А.Ержанов электротехникалық машина жасау секторына назар аударды, бұл сала машина жасаудағы басқа сеткорлармен салыстырғанда, аса тұрақты өндіріс динамикасымен және өндірістің тереңірек жергіліктендірілуімен сипатталады. Сектордағы ірі ойыншылар – Қайнар-АКБ, Alageum Electric, Казцентрэлектропровод, Казэнергокабель басым бөлігі экспортқа кететін бәсекелі өнімдер шығарады. 

Қазақстандағы теміржол, ауыл шаруашылығы, тау-кен және мұнайгаз машина жасауда отандық кәсіпорындар электровоздар, локомотивтер, вагондар, тұтас таптамалы дөңгелектер, тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы техникаларын, мұнай сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін түрлі жабдықтар шығарады. 

Аталған салалар өндірісте роботтандырылған дәнекерлеу кешендерін  (Индустрия 4.0 элементтерін) пайдаланумен сипатталады. Саланың көрнекті мысалдары: «Проммашкомплект» ЖШС, «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «Мэйкер» ЖШС, «Жігермұнайсервис» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» АҚ және т.б.

Сонымен қатар А.Ержанов VI  машина жасаушылар форумында машина жасауды дамытудың кешенді жоспары талқыланғанын айтты. Осы талқылаулардың қорытындысы бойынша 2019-2024 жылдарға арналған ҚР Машина жасау саласын дамытудың жол картасы әзірленді, ол ҚР премьер-министрінің өкімімен бекітілді. 

Сондай-ақ машина жасау саласын дамытуды көздейтін, 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы бойынша қазақстандық машина жасаушы және құраушы кәсіпорындарға бірқатар жеңілдіктер мен басымдықтар берілетіндігі сөз болған.

Хабар 24 телеарнасы