386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы бюджет тапшылығы бір жарым трлн теңгеге азаяды

  • 138
  • UPD: 18:16, 12.09.2019

Келер жылы республикалық бюджет тапшылығы 1 жарым триллион теңгеге азаяды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен отырыста айтылды.

Үкімет өкілдері 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды. Соған сай, тапшылықты жою үшін ұлттық қордан тағы кепілдендірілген трансферт бөлу мәселесі қаралып жатыр. Бюджет жобасы әзірге комитет отырыстарында талқыланады. Мамандардың айтуынша, бюджет тапшылығы 2022 жылы 890 млрд теңгеге азаюы тиіс. Ал аймақтардың дамуына алдағы үш жылда 7 триллион теңгеге жуық қаражат жұмсалады деп жоспарланып отыр. Жалпы ел ахуалының жақсаруына экономикалық өсім де оң әсер етуі тиіс. 

Мәди Тақиев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары: 

- Педагог мәртебесін арттыру жөніндегі Президент тапсырмасына сай бюджеттен алдағы үш жылға 1,2 триллион теңге бөлінеді. Сол арқылы біліктілігі жоғары және қосымша еңбек еткен мұғалімдердің жалақысы едәуір ұлғаюы тиіс. Зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың да кірісі артады. Есесіне имидждік шараларға бөлінетін қаражат айтарлықтай қысқарады.

Хабар 24 телеарнасы