385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан машина құрастырушылар форумында импортты алмастыру мәселесі талқыланды

  • 109
  • UPD: 19:44, 12.09.2019

Елордада Қазақстан машина құрастырушыларының 7-ші форумы басталды. Жиынға қатысушылар импортты алмастыру, жас мамандарды ынталандыру, кәсіпорындарды цифрландыру сияқты мәселелерді талқылап жатыр.

Машина құрастыру Қазақстанды индустрияландырудың драйвері. Биыл форум осындай тақырыппен өтіп жатыр. Былтыр ел экономикасындағы өсім 4,1 процентке жетсе, машина құрастыру саласындағы бұл көрсеткіш 14 проценттің шамасында болған. 

 

Бүгін саланың дамуына өз үлесін қосқан мамандардың да еңбегі еленді. 20-дан астам адам «Құрметті машина құрастырушы» төсбелгісін иеленді. Олардың арасында 40 жылдық еңбек өтілі бар Қабден Алпысбаев та бар. Оның айтуынша, форум алаңы арқылы көптеген бастамаларды жүзеге асыруға болады.  

Қабден Алпысбаев, «Құрметті машина құрастырушы» төсбелгісінің иегері:

- Жүк таситын вагондарға керекті заттарды машина жасау форумы арқылы қолданып, қолға алуға болатынын көзім жетіп отыр. Бұл завод Қазақстанда жоқтың қасы. Сондықтан осы металл құйып, үлкен жүк таситын вагондардың құрал-саймандарын жасауға міндетті түрде қолға алуды Қазақстан темір жолы көздеп отыр.  

Форумға қатысу үшін Елордаға қазақстандық мамандардан бөлек әлемнің 20 мемлекетінің өкілдері арнайы келді. Олар өзара тәжірибе алмасып, форум алаңында іскерлік байланыс орнатпақ. 

Марғұлан Баймұхан, Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Тек ғана сауда емес, өндіріске де кірісуіміз керек. Мысалы, Польшада жылына 1 миллиард евроға машина шығарады. Соған байланысты олардың тәжірибесі бізге маңызды. Енді жоспарымыз сол өндірістерді Қазақстан нарығына әкелу. 

Форум аясында ресми жиындардан бөлек жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі мен арнайы көрме ұйымдастырылды. Ал шаранаың екінші күніне салалық секциялық отырыстар жоспарланған. 

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Айбын Құсанбеков

Хабар 24 телеарнасы