389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция кәсіпкері Қ.Тоқаевтың шағын бизнесті табыс салығынан босату туралы бастамасын қолдады

  • 247
  • UPD: 12:14, 13.09.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және микробизнесті табыс салығынан босату туралы бастамасы экономиканың осы саласының дамуына түрткі болады.

Бұл – франциялық кәсіпкер Арно Дриолленің пікірі. Ол қазақстандық әріптестермен 10 жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келеді, сол себепті еліміздегі жағдайды жақсы біледі.

Сауда-логистикалық компанияның бұл қоймасы арқылы Қазақстанда сатылатын франциялық косметиканың біраз бөлігі өтеді. Арно Дриолле көптен бері Қазақстанмен бірлесіп кәсіп жүргізіп келеді, сондықтан екі елдегі жағдайды жиі салыстырады. Оның айтуынша, Францияда іс бастаған кәсіпкерлерге салықты төмендетіп, қолдау көрсетеді. Бірақ бұл шара бәріне ортақ емес.

Арно Дриолле, сауда-логистикалық компанияның директоры /Франция/

– Кәсіпорын құру кезінде мемлекеттен көмек беріледі. Әкімшілік рәсімдеуді түсіндіретін орталықтар бар, онда оқудан да өтуге болады. Салық қысымын жеңілдету тетіктері де бар, бірақ олар жиі әлеуметтік өлшемдерге байланысты. Осылай экономикалық жағдайы нашар аудандарда кәсіпорын ашуға ынталандырады.

Арноның айтуынша, Францияда үлкен салық пен күшті бәсекеге төтеп бере алмай, ісін көп ұзатпай жауып жатқандар да бар. Бұл орайда Қазақстанның шағын бизнесті үш жыл бойына салықтан босатуын құп көреді. 

Арно Дриолле, сауда-логистикалық компанияның директоры /Франция/

– Кәсіпорындарды екі жыл істеп, одан кейін жабу үшін ашпайды. Үкімет олардың аяққа тұруына мүмкіндік бергісі келіп тұр. Бұл олардың орнығып алуына жасалған жағдай. Кейін салық төле бастайды.

Арно бұл бастаманы тосын сый ретінде қабылдамауға кеңес берді. Бұл ең алдымен жолын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін нарыққа төселіп әрі өз жобаларын дамытуға қаражат жинап алуға берілген үлкен мүмкіндік дейді ол.

Авторлары: Әлия Сыздыкова, Бекман Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы