386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан арасында барлық саладағы көрсеткіш 40 пайызға артқан

  • 141
  • UPD: 12:07, 13.09.2019
Қазақстан мен Өзбекстан арасында барлық саладағы көрсеткіш 40 пайызға артқан EADaily

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы биылдың алты айында 1 миллиард 600 миллион доллардан асып жығылған.

Барлық саладағы көрсеткіш 40 пайызға артқан. Бұл туралы Ташкентте өткен екі жақты іскерлік кеңестің үшінші отырысында айтылды. Онда тараптар бірлескен жобалар құру, инвестициялық мүмкіндіктер мен өнімдерді экспорттау және үшінші ел нарығына шығу жолдарын қарастырды. Бұл ретте Қазақстан ұсынған «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық орталығының кәсіпкерлер үшін тиімді жақтары түсіндірілді. Бизнес өкілдері арасындағы байланысты жақсарту, темір жол тасымалының бағасын төмендету, шекарадағы кедендік кедергілерді жою мәселесі де сөз болды. Кеңес аясында бизнес қауымдастық өкілдері арасында екі жақты кездесулер өтіп, бірқатар келісімге қол қойылды. Бір ғана Аралтұз мекемесі көрші ел нарығына 200 мың еуроның өнімін жөнелтетін болды. Кеңесте айтылған ұсыныстар екі жақты үкіметаралық комиссияның қарауына ұсынылмақ.

Сохиб Сайфназаров, Өзбекстан Республикасы экономика және индустрия министрінің орынбасары:

– Біздің статистикалық мәлімет бойынша өсім бар. Ол 19 пайызды құрайды. Өзара сауданың жалпы көлемі былтыр 2 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткіш өсе береді. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көктемде біздің елімізге жасаған сапары барысында түрлі салада жасалған 350 миллион доллардан астам 52 келісімді ерекше атап өткім келеді.

Қайрат Төребаев, Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі:

– Былтыр біздің тауар айналымымыз 2017 жылмен салыстырғанда 40,8 пайыз болып, 2,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Осы жылдың 6 айында тауар айналымы 11 пайызға артып, 1,6 миллиардов АҚШ долларына жетті. Бұл – жоғары көрсеткіш. Дегенмен біздің алдымызға Мемлекет басшылары тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қойды.

Хабар 24 телеарнасы