385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық инвесторлар: «Алматының алмасы» брендін қалыптастыру керек

  • 126
Отандық инвесторлар: «Алматының алмасы» брендін қалыптастыру керек raimbek.com

Қазіргі кезде дүкендер мен базарларда сатылатын алманың 50 пайызы – импорттық өнім.

Ал еліміздегі алма бақтардың көлемі – 34 мың гектарға жуық. Ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін оның көлемін екі есе ұлғайту қажет. Оған жер де, мүмкіндік те бар. Жалпы еліміздің әр тұрғыны жылына 13 келі алма тұтыну керек. Егер жылына 270 мың тонна алма өндірілетін болса, ішкі нарықтың сұранысын толық қамтуға болады, дейді бағбандар. Алайда қазіргі уақытта бұл көрсеткіш төмен. Алматыда өткен халықаралық форумда сала мамандары осындай деректерді келтірді. «Жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлер алманы өсірумен міндет орындалмайды», - дейді. Өнімді өндіретін өнеркәсіп орындары мен тауарды сақтайтын қоймалар жеткіліксіз. Жеміс-жидек пен бақша өнімдері өнеркәсібін дамытудың әлемдік тәжірибелері бар. «Соларға сүйене отырып, «Алматы алмасы» деген әлемге әйгілі бренд қалыптастыруға алматылықтар белсенді қатысқаны абзал» - дейді жергілікті инвесторлар.

Хабар 24 телеарнасы