388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Documentolog компаниясы кәсіпкерлердің табысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр

  • 264
  • UPD: 13:34, 14.09.2019

Қазақстанның электронды құжат айналымдары жүйесі нарығының көшбасшысы Documentolog компаниясы отандық кәсіпкерлерге табысты көбейтіп, еңбек өнімділігін арттыруға тамаша мүмкіндік беріп отыр.

Енді еліміздің шағын және орта бизнес нысандары Doculite жүйесі арқылы бизнес процестерін тегін автоматтандыра алады.

Бизнес процестерді автоматтандыру бұл заман талабынан туындаған қажеттілік. Ол уақытты тиімді пайдаланып, мәліметтерді тез өңдеп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін арттырып, қағазбастылықтан арылуға жол ашады. Documentolog компаниясы ұсынып отырған Doculite жүйесі шағын және орта бизнес үшін тегін болады.

Мадина Досмағамбетова, Documentolog компаниясы бас директорының орынбасары:

- Doculite жүйесі шағын және орта бизнес үшін өте қолайлы. Ол компанияның ішкі процестерін автоматтандыруға жақсы. Яғни хаттамалар мен құжат айналымын электронды түрде жүргізе алады. Сондай-ақ компаниялардың өздерінің контрагенттерімен электронды құжат айналымын жүргізуге мүмкіндік беретін қазақстандық жалғыз жүйе.

Doculite-ні кез келген кәсіпкер пайдалана алады. Компаниялар жүйеге 50 қолданушыға дейін тіркейді. Сондай-ақ 200 мегабайт орын беріледі. 200 мегабайт кеңістікке 4 мың келісім-шартты сақтауға болады. Ұнаса ақылы түріне жазылады.

Қалижан Жүсіпов, Documentolog компаниясының сату жөніндегі директоры:

- Қосылу оңай. Ол үшін doculite.kz сайтына кіресіз. Заңды тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы қажет. Үш қадам арқылы ғана тіркеледі. Одан кейін жүйе автоматты түрде іске қосылады. Тіркеуге қолданған электронды цифрлық қолтаңба арқылы келісім-шарттарды, ресми хаттарды бекітуге болады. Ол заңдық күшке ие. Яғни қағазға қайталап басудың қажеті жоқ.

Documentolog компаниясы шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге кеңес беріп, техникалық қолдау көрсетуге де дайын.  

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Шалбаев

Хабар 24 телеарнасы