389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ұлыбританияның мұнай астаналары ынтымақтастықты нығайтуда

  • 289
  • UPD: 21:49, 14.09.2019

Қазақстан мен Ұлыбританияның мұнай астаналары Атырау мен Абердин ынтымақтастықты нығайтып жатыр.

«Әлем энергетикалық қалаларының әріптестігі» халықаралық платформасы мен «Offshore Europe 2019» мұнай-газ көрмесі алаңында олар озық тәжірибелерімен алмасты.

«Offshore Europe 2019» – мұнай-газ саласын қамтитын Еуропадағы айтулы оқиға. Мақсат - индустрияның жай-күйі мен келешегін бағалауға мүмкіндік беру. Атырау облысының делегациясын экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін салалар да қызықты болды.

Әлібек Наутиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

– Бұл форумға келіп жатқан себебіміздің бірі – Атырау қаласы мен Абердин қаласы мұнайлы өлкенің астаналары болғандықтан, екі ортада 2003 жылы жасалған келісім-меморандум бар. Соған байланысты үлкен жұмыс жасалып келе жатыр. Бірнеше кездесулер болды. Өткен 2016 жылы бізде кездесу болса, енді Абердин қаласына келіп жатырмыз. 

Делегация өкілдері Абердин қаласының лорд мэрі Барни Крокетпен де кездесті. Тараптар жол картасы аясындағы әріптестік мәселелерін де талқылады.

Барни Крокетт, Абердин қаласының лорд-мэрі:

– Біз бірнеше сала бойынша ынтымақтастық орнатпақпыз. Мақұлдалған жобалардың бірі ауыл шаруашылығымен байланысты. Біз ет өнімдерін шығару және балық шаруашылығы салалары бойынша әріптестік орнатуға ерекше ынталымыз. Біздің күшіміз экономиканы дамытуға, инвестиция салуға және шағын бизнесті қолдауға бағытталатын болады. Қос өңірді де жарқын болашақ күтіп тұр.

Атырау делегациясы «Әлем энергетикалық қалаларының әріптестігі» ұйымының жұмысына да қатысты. Шарада жаңартылатын энергия көздері саласындағы Қазақстан-Шотлан ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы