389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО туралы заңға енгізілген түзетулердің Конституцияға қайшы тұстары табылды

  • 220
  • UPD: 18:09, 17.09.2019

Сырттан келетін инвесторларға жағдай жасап, қаржы тарту өз алдына мемлекеттің мүддесі бірінші кезекте тұруы тиіс.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заңға енгізілген түзетулерді таныстыру кезінде еліміздің Конституциясына қайшы тұстардың бар екені айтылды. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловты тыңдап, енгізілетін түзетулер туралы жан-жақты сұрады. Яғни елімізде инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын енгізу ұсынылып отыр. Бағдарлама «Астана халықаралық қаржы орталығының актісімен бекітілмек. Бірақ Ұлттық экономика, Сыртқы істер және ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілетін болады. Заң жобасы бойынша инвестициялық салық резиденттерін Қазақстаннан тыс көздерден түскен кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуден босату ұсынылған. Мәжіліс депутаттары халықаралық қаржы орталығына қатысты енгізілетін өзгертулерді әлі де жетілдіру қажеттігін айтты.  

Дания Еспаева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

-  Бұл біздің елімізге не береді десек? Алдымен, халықаралық қаржы орталығын дамытуға септігін тигізуі тиіс. Салық резиденттігін енгізу арқылы алдағы 5 жылда 32 млрд теңге  инвестиция тарту мүмкіндігі бар. Бұл бірінші тұсы. Екіншіден, салық мәселесі. Қаржы орталығы коммерциялық емес, сондықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан, бюджеттен бөлінетін ақшадан қосымша құн салығы ұсталмауы тиіс. Бағдарламаның негізгі тұжырымдамасы-инвесторлардың елге бірнеше мәрте кіру визасына айырбас ретінде инвестиция тарту болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы