389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті «Радуга» ЖШС-нің өндірістік әлеуетімен танысты

  • 183
  • UPD: 21:12, 17.09.2019
Қазақстан Президенті «Радуга» ЖШС-нің өндірістік әлеуетімен танысты akorda.kz

Мемлекет басшысы солтүстік өңірге жұмыс сапары барысында металл пластикалық өнімдер шығаратын «Радуга» зауытына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірістік цехтар таныстырылды. Президентке компанияның жұмысы туралы мәлімет беріліп, шығаратын өнімдері көрсетілді.

Кәсіпорын директоры Дмитрий Шарапаев зауытта 1,5 мың адам жұмыс істейтінін, өнімнің 500-ден астам түрі шығарылатынын айтты. Компания шығаратын өнімдер еліміздің барлық аймақтарына жөнелтіледі, сондай-ақ Ресейдің ірі қалаларына да экспортталады. 

Хабар 24 телеарнасы