389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұздың «ПромМашКомплект» зауыты бағыттағыш бұрамалар жасау өндірісін тоқтатты

  • 198
  • UPD: 10:33, 18.09.2019
Екібастұздың «ПромМашКомплект» зауыты бағыттағыш бұрамалар жасау өндірісін тоқтатты

Екібастұздың «ПромМашКомплект» зауыты бағыттағыш бұрамалар жасау өндірісін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясынан биылға тапсырыс түспеген. Осының салдарынан цехта жұмыс істеп жатқан 130 адам кезектен тыс демалысқа шығуға мәжбүр болып отыр. Жұмыс беруші оларға айлық жалақының 50%-тін төлейтін болды. Бұл елімізде теміржол саласына қажетті қосалқы бөлшектердің түр-түрін шығаратын бірегей кәсіпорын. Онда жаңа технология енгізілген. Келер жылдың көктемінде толық өндірістік қуаттына шығуы тиіс. Сол кезде тәулігіне 650 дана теміржол көлігіне арналған дөңгелек жасайтын болады. Бүгінде кәсіпорында 120 дөңгелек шығарылады. Қазір өнімді экспорттауға қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Кенжебек Азатбеков, облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Осы мәселені шешу үшін зауыт өнімдерін тұтынатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы билікпен аталған саланы қадағалайтын орталық мемлекеттік органдарға хат жолдадық.

Хабар 24 телеарнасы