388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында көлік инфрақұрылымының жоқтығы туризмді дамытуға кедергі

  • 245
Атырау облысында көлік инфрақұрылымының жоқтығы туризмді дамытуға кедергі

Атырау облысы ішкі туризм саласын дамыту ісі бойынша өзге аймақтар секілді алдыңғы қатарға шығуға әбден лайық.

Мұнайлы өлкеде отандастарымыз бен шетелдік туристерді қызықтыратын табиғи, экологиялық қорықтар, тарихи этнографиялық нысандар өте көп. Бірақ көлік инфрақұрылымы мен сервистік қызметтің нашарлығы ішкі туризмнің дамуына басты кедергі болып тұр. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өткен жылы Атырау облысына 140 мыңнан астам турист келген. Бірақ алыстан ат арытып Атыраудың кереметін көреміз деп келген меймандар жол машақатын да қатар көрді. Өйткені жұрт қызығатын нысандардың түгелге жуығы шалғай аудандарға орналасқан. Ал бұл ауылдарда әлі күнге асфальт төселген жол жоқ. Ішкі туризммен айналысушы жергілікті ұйымдардың шығынының 70% осы тасымал саласы, жалға арнайы көлік алуға кетеді екен. Сәйкесінше олар өздерінің қызмет көрсету бағасын да өсіруге мәжбүр.   

Қарлығаш Бекбаева, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Біздің қызықты туристік нысандарымыз облыс орталығынан қашық жерлерде орналасқан. Соған апаратын жолдардың болмауы, жол бойындағы сервистің жоқтығы біздің туристік операторлардың қызметін жандандыруға үлкен кедергі келтіруде. Сонымен қатар ішкі туризммен айналысатын бірде-бір туроператорда өздерінің автобустары, көліктері жоқ.

Хабар 24 телеарнасы