389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаз мезгілінде Алакөлде 1 млн адам демалған

  • 197
  • UPD: 09:13, 19.09.2019
Жаз мезгілінде Алакөлде 1 млн адам демалған Экспресс К

Осы жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның шығысында туристер саны 40 пайызға артады деп күтілуде.

Жаз мезгілінде Алакөлде 1 миллион адам демалды. Сондықтан жағалау қаржыландырудың басымдығы болып қала береді. Егер өткен 3 жыл ішінде 6 миллиардтан астам теңге бөлінсе, алдағы 4 жылда тағы 28 миллиард қарастырылып отыр. Қаражат инфрақұрылымдық жобаларға сумен жабдықтау желілері мен кәріз құрылысына, аэропортты қайта құруға жұмсалады. Бұл өз кезегінде туристердің жаңа ағымын қамтамасыз етеді. Бұқтырма су қоймасы мен қазақстандық Алтай – Риддер мен Катонқарағай ескерусіз қалмайды. Соңғысында шипажай салынуда. Қазірдің өзінде бұл орындар шетелдік қонақтарға танымал.

Стефани Шаудан, турист /Франция/

– Қазақстан – қызықты ел. Біз осы уақытқа дейін оның аз ғана бөлігін көрдік. Бірақ бұл да әсерлі болды. Мұнда бәрі бар - таулар, ормандар мен шөлдер. Бізге ең алдымен Алтайдың табиғаты және адамдар ұнады. Танысу, қарым-қатынас жасау өте оңай, балалар бірден достар тапты. Сіздің ас үйіңіз бізге өте ұнады. Біз міндетті түрде Қазақстанға ораламыз.

Хабар 24 телеарнасы