389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан «Жібек жолы» туристік жобасын жүзеге асырмақ

  • 226
  • UPD: 10:47, 19.09.2019

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік байланыс жаңа сатыға көтерілді.

Оған екі ел арасындағы әуе және көлік қатынасының көптеп ашылуы әсер етті. Енді бірігіп «Жібек жолы» туристік жобасын да жүзеге асырмақшы. Оның бір бөлігі зиярат туризмі болмақ, дейді мамандар. Жалпы Өзбекстан аумағында 7 мыңнан астам мәдени және тарихи нысандар бар. Төрт көне қаладағы 200-ден астам тарихи жәдігер ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын аймақтар тізіміне енген. Алдағы уақытта «Ежелгі Бұқара» және «Самарқанд сити» демалыс аймағы құрылмақ. Статистикалық мәліметке жүгінсек, биылғы жылдың 7 айында көрші ел аумағына 3 миллионан астам турист келген. Тиісінше 2017 жылы Өзбекстаннан бізге дәл соншама адам қыдырып келген. Оның басым бөлігі Түркістанға зиярат жасапты. Сондықтан Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Көне Яссы қаласы зияратшылар санының артуына негіз болады, дейді көршілер.

Сайдкомил Халходжаев, Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің зиярат туризімін дамыту бөлімінің бас маманы:

– Түркі мемлекеттері арасындағы сопылық ілімінің негізі қаланған орталық деуге болады. Сондықтан Ахмет Яссауи кесенесі мен оның тарихын, ұлы ойшылдың ілімін үйрену мен ислам мұралары түркі халқы үшін ғана емес әлем жұртшылығы үшін де қызықты болады деп ойламын. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан мен Өзбекстанның өзара қолға алған жобалары мен туристік компаниялар арасындағы байланысы келешекте бұдан да артады, деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы