389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық төлемеген 3 мыңнан астам ақтөбеліктің ел аумағынан шығуына тыйым салынды

  • 188
  • UPD: 07:40, 20.09.2019
Салық төлемеген 3 мыңнан астам ақтөбеліктің ел аумағынан шығуына тыйым салынды

Ақтөбеліктерден берешек соманы өндіріп алу жеке сот орындаушыларына жүктелген. Жалпы облыста тиісті орган алдында қарызы бар тұрғындар жетерлік.

Мәселен, бүгінде жер салығы бойынша 25 млн жуық, ал мүлік салығы бойынша 50 млн теңгеден астам қаржы төленуі тиіс. Бұл соңғы бірнеше жыл бойы қордаланған берешек.

Қаламқас Бердібаева, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Ақтөбе облысы бойынша салық төлеушілер өткен жылдардың негізгі берешектерін ағымдағы жылдың аяғына дейін толығымен төлеген жағдайда, 25 млн теңге көлемінде өсім сомасына салықтық рақымшылық қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар салық төлемінен жеңілдік алушылар жыл сайынғы бірінші қазанға дейінгі тиісті дәлелдеу құжаттарын жергілікті мекен-жайларындағы мемлекеттік кірістер органдарына тапсырулары қажет.

Хабар 24 телеарнасы