389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулықтар салық амнистиясы жүріп жатқанын аңғарды ма?

  • 189
  • UPD: 10:32, 20.09.2019

Биылғы жылдың қазан айына дейін негізгі берешегі толық өтелген жағдайда өсімпұл мен айыппұлдардың есептен шығарылатыны көпке мәлім.

Өткен жылдан бері салық органдарына енгізілген жеңілдіктердің пайдасын халық көріп отыр ма? Бұл тұрғыдан маңғыстаулықтар қаншалықты хабардар? 

БЛИЦ:

- Ешқандай хабарлама алған жоқпын. Бірақ жалпы естідім. Салық амнистиясына алғандарға Үкімет бір сенім артып, екінші мүмкіндік беріп жатыр деп ойлаймын. Сондықтан да бұл жаңа айтып өткендей жас кәсіпкерлерге өте жақсы қолдау. 

- Менің ойымша, налоговой амнистиця жеке кәсіпкерлер, халықтың налог бойынша пайыздамаларын ия болмаса қарыздарын кешіру бұл өте дұрыс шешім. Өйткені, халықтың өзіне сенімділігі артады. Жалпы бұл Үкіметтің шарасы шағын және орта бизнестің, халықтың мына налоговый комитетпен арадағы қарым-қатынасы бұзылмайды. Керісінше, бәрі де жақсы болады. 

- Шыны керек, ол мен ол жайлы хабарсызбын, Жаңа сізден естіп отырмын. Ия, әрине бару керек, есептету керек. Қанша шығады, қалай болады? Негізі, бұл өте жақсы ұсыныс мемлекет тарапынан. Уақытында төленбегендіктен оның пайызы өседі. Тездетіп салық органына барып өзімнің негізгі төлейтін салығымды есептетіп, төлеп тастауға тырысамын енді.

- Бұл тұрғыдан әлі естігенім жоқ. Салықты өз уақытында төлеп жатырмыз. Ешқандай просрочка жоқ.  Негізі мемлекеттік жасап отырған салық амнистициясы өте керемет жаңалық деп ойлаймын кәсіпкерлерге. Өйткені кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі драйвері деп айтамыз ғой. Сондықтан, біздің кәсібіміздің алға дамуына көптеген септігін тигізеді деп ойлаймын.

- Салық амнистиясы туралы мен естідім. Ең бастысы, өзінің төлемдерін уақытында төлесе қалған пайыздарын кешіргені менің өзіме де тиімді мысалы. Жеке кәсіпкер ретінде айтарым. 

- Маған ешкім соққан жоқ. Ешқандай смс те келген жоқ. Амнистия туралы естідім. Менің ойымша салыққа амнистия өте жақсы халыққа. Кәсіпкерлерге де ыңғайлы. Өзім салықтардың барлығын да уақытында төлеймін. Ешқандай просрочка, пеня көтерілген жоқ. Жалпы өте жақсы деп есептеймін осыны.

Хабар 24 телеарнасы