389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері көрсетілді

  • 186
  • UPD: 10:34, 20.09.2019

Оңтүстік Корея компаниялары Қазақстанның машина жасау, мұнай химиясы және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына инвестиция салуға ниетті.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өкілдері Сеулде Корея корпорациялары басшыларымен кездесті. Оңтүстік Корея кеме жасау саласындағы әлемдік көшбасшы, сондықтан ірі корпорацияның басшысына Қазақстан үшін кемелер жасау және тау-кен металлургия кешеніне жабдықтар шығаруды ұсынылды. Отандық трансформаторлар өндіруші кореялық корпорацияның бірімен ынтымақтасуға келісті. Ол жоғары берік материалдарды өңдейді. Екі ел үкіметтерінің өкілдері келесі аптада Нұр-Сұлтанда қазақ-корей «Самал жел» экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жобаларды тағы да талқылайды.

Кон Ги Ён, корпорация басшысы:

- Қазақстан - әлеуеті зор ел. Бүгінгі кездесу ауыр өнеркәсіп саласындағы үлкен ынтымақтастыққа әкеледі деп сенемін.

Сон Нак Ян, компания вице-президенті:

- Корпорациямыз ТМД елдерінде және Еуропада қызмет аясын кеңейтуде. Менің ойымша, бұл жерде Қазақстан өте маңызды орын алады. Сізде жеңілдіктер жүйесі және айқын саясат бар, соның арқасында біз Қазақстанды сенімді серіктес ретінде санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы