«Самұрық-Энерго» компаниялар тобының мәселелері бойынша өткен кеңесте электр энергиясының экспорты, жылу маусымына дайындық және бірқатар жобаларды іске асыру жайы сөз болды.
Кеңеске «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. Ол «Самұрық-Энерго басшыларына біраз тапсырма берді. Оның ішінде ИнтерРАО үлесін сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтау және Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші блогының құрылысын жеделдету қажеттігін айтты. Сондай-ақ электр энергиясы экспортын ұлғайтуды тапсырды. Қор басшысы аталған компанияны жекешелендіру қарсаңындағы міндеттерді уақытылы орындаудың маңыздылығын жеткізді.
Айта кету керек, биылғы жылы «Самұрық-Энерго» АҚ -на еншілес компанияларының дебиторлық берешегі 5 млрд теңгеге азайды.