389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Амнистия аясында 42 мыңнан астам алматылық салық қарызын төледі

  • 280
  • UPD: 15:14, 20.09.2019
Амнистия аясында 42 мыңнан астам алматылық салық қарызын төледі

Салық рақымшылығы шарасы аясында Алматы қаласының 42 мыңнан аса тұрғыны мүлік, жер және көлік салығы бойынша 2,9 миллиард теңге көлемінде салық берешегін өтеді.

Олардың 560 миллион теңге өсімпұлы кешірілген. Осылайша 2-3 жылдан бері төленбей, қордаланып қалған салық қарызының жартысынан көбі екі айдың ішінде өтелді. Айта кетейік, салық рақымшылығы шарасы 31-ші  желтоқсанға дейін жалғасады. Яғни, салық берешегі бар азаматтар осы уақытқа дейін қарызын өсімпұлсыз төлей алады.

Уәлихан Әлібеков, қалалық МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы:

-  Салықты уақытында төлемеудің негізгі себептері  - азаматтардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Мүлік пен жер салығын төлеу уақыты 1 қазанға дейін. Ал көлік салығының уақыты 31 желтоқсан. Егер уақытында төленбесе, әр күн үшін өсімпұл жүреді. Айыппұл слу біздің құзыретімізге жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы