389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бизнестің жол картасы» шеңберінде биыл оралдық кәсіпкерлер 1 млрд жарымнан аса қаражат алған

  • 179
  • UPD: 13:45, 22.09.2019

Оралда бизнес-үдерісті автоматтандыру жобасы аясында отызға тарта онлайн келісімшарт жасалған.

Бұрын субсидиялау және несиені кепілдендіру келісімдерін рәсімдеуге кемі 40 күндей уақыт жұмсалатын. Тек «Бизнестің жол картасы» шеңберінде биыл өңір кәсіпкерлері 1 миллиард жарымнан аса қаражат алған. Жеңілдетілген несие қаржысы «қарапайым заттар экономикасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында беріліпті.

Күштік кабельдер мен қосу-орнату және бақылау сымдарын шығаратын жаңа зауытта 65 адам жұмыспен қамтылған. Сертификатталған өнімдердің сапасы әлемдік стандарттарға сай. Көбіне шеттен контрафакталық жолмен әкелінетін импорттық баламасына қарағанда әлдеқайда арзан,- дейді өндірушілер.   

Әсет Тілемісов, «Даму» қоры БҚФ директоры:

– Сандарға қарасақ, жылдан жылға несие алушылар және бағдарлама қатысушылар саны өсуде. Бұл бағдарламалардың керектігін білдіреді. Облысқа әр жыл сайын 1 миллиард 400 миллион бөлінеді.

Халық тұтынатын негізгі заттарды өндірушілерге де қолдау бар. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өңірде 8 бизнес жоба мақұлданып, үшеуін субсидиялау жөнінде келісімге қол қойылды. Тағы бір тың жоба аясында айына 500 мың дана экологиялық стақан өндірілмек. Халық күнделікті тұтынатын бұл ыдыстар әзірге Ресейден тасымалданып жүр.

Александра Усова, кәсіпорын басшысының көмекшісі:

– Қазақстанда әзірге дәл осындай өнім өндіретін өндіріс орны жоқ. Сондықтан ісіміздің жақсы жүріп кетеріне сенімдіміз. Ресейде бұл қағаз ыдыстардың әрқайсысы 7 рубль тұрады. Ал біздің өнім 15-20 проценттей арзан. Бұл бізге тұтас ел нарығына шығуға жол ашады.

Ал нан зауытының иелері кондитер өнімдерін шығаратын жаңа пештер сатып алған. Іске қосылған өндірістік желі де несиелендіру бойынша басымдыққа ие жобалардың қатарына еніпті. Айта кетерлігі, мемлекеттік қолдаудан отандық құрылыс кәсіпорындары да шет қалмайды. Олар үшін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие беру тетіктері қарастырылған. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы