389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан қазақстандық өнім экспортын арттыруды көздейді

  • 190
Ауғанстан қазақстандық өнім экспортын арттыруды көздейді express-k.kz

Ауғанстан қазақстандық әлеуметтік маңызға ие азық-түлік пен күнделікті қолданыстағы тұрмыстық заттарға қызығушылық жоғары.

Осыған байланысты Ислам республикасының өкілдері Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-отырысы кезінде тиісті келісімге қол қоюға ниетті. Сондай-ақ ауғандық делегация жоспарында білім саласындағы мәселелерді талқылау да бар. Нақтырақ айтсақ, отандық жоғары оқу орындарында ауғандық студенттерге бөлінетін квота санын арттыруға басымдық берілуі мүмкін. Сонымен қатар лаңкестікке қарсы іс-қимыл, медицина мен мәдениет салаларындағы екіжақты байланысты да нығайту жоспары бар.

Саиед Ахмад Селаб, Ауғанстан парламентінің депутаты:

– Еліміздегі соғыс бірнеше жылға созылуына байланысты бүгінде біз кез келген көмекті қуана қабылдаймыз. Мәселен, Қазақстан және Қатар елдері өкілдерімен байланыс орнаттық. Біз бұрыннан да жақсы қарым-қатынастамыз. Алдағы уақытта да осылай бола береді деген ойдамыз. Өз тарапымыздан да аянып қалмаймыз.

Зул Мухаммад Нури, Ауғанстан парламентінің депутаты:

– Қазақстанға келгенде жергілікті әріптесіміз Нұрлан Нығматулинмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы әңгімелестік. Осындай байланысқа қол жеткізгеніміздің өзі бүгінде біз үшін жетістік деуге келеді. Қуаныштымыз. Белгілі бір екіжақты тиімді келісімдерге қол қоямыз деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы