389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Қазақстанға ірі қара мал экспорттаудан көш бастап тұр

  • 204
  • UPD: 20:39, 23.09.2019

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы артып келеді.

Тек биылғы жеті айдың өзінде бұл саладағы көрсеткіш 1,3 млрд долларға жетті. Еліміз Америка құрама штаттарына негізінен минералдық және химиялық өнімдерді экспорттайды. Ал Америка  Қазақстанға ірі қара мал экспорттаудан көш бастап тұр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша мұхиттың арғы жағынан импортталған мал саны 56 пайызды құрады. Солтүстік Дакота, Монтана, Миннесота, Пенсильвания мен Вирджиниядан ангус тұқымынан 7 мыңға жуық бас әкелінді. Бұдан бөлек, АҚШ біздің елге құны 400 мың долларға жететін сиыр етінен жасалған өнімдерді тасымалдаған. 2018 жылы екі ел арасындағы сауда-саттықтың көлемі 2 млрд доллардан асты. Бүгінде Америка Құрама Штаттары – ұлттық экономикамызға ең көп инвестиция салған мемлекеттердің бірі. Оның көлемі 35 млрд долларға жуықтайды.

Хабар 24 телеарнасы