389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жасалған аккумуляторлардың 55% астамы шетелге экспортталды

  • 179
  • UPD: 20:51, 23.09.2019

Талдықорғандағы «Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жасалған 840 мың отандық аккумулятор биыл шетел нарығына шығарылды.

Онда өткен 8 айдың ішінде 1,5 млн дана өнім өндірілген. Кәсіпорын 2020 жылға дейін өнімділікті 3 млн данаға жеткізіп, экспорт көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізуге «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Қазақстанның Даму банкінен алынған несие мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Талдықорғандағы бұл зауыттың аккумуляторлары толық өндірістік цикл бойынша өндіріледі. Қажетті бөлшектердің басым бөлігін өздері әзірлейтінін де айта кетейік. Мұнда автөкөліктерден бастап, тепловоздарға арналған аккумуляторлардың түр-түрі шығады. Сонымен қатар кәсіпорында ескі аккумуляторларды қайта өңдеп, тазартылған қорғасыннан жаңа өнімдерге қажетті шикізат алуға арналған цех жұмыс істеп тұр.

Олег Кабанов, «Қайнар-АКБ» ЖШС өндірістік жүйені дамыту және сапаны арттыру мәселелері жөніндегі директоры:

– Бірнеше жаңа желіні сатып алып, іске қосамыз. Ол өз кезегінде өнімділік көлемі мен өнімдеріміздің сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Біздің зауытымызда қазір 1200 адам жұмыс істесе, аккумулятор құрастыру желісіне қосымша 30 адам қабылданады.

Кәсіпорын жылына екі жарым миллиондай аккумулятор батареясын өндіреді. Ішкі нарықтан артылғаны шетелдерге жөнелтіледі. Қазақстанның Даму банкі зауытқа «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша экспорттық операцияларды жүзеге асыруға арналған жаңартылатын кредит желісін ашып берді.

Ербол Сәлімбаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ банкирі:

– Жыл сайын 2,5 млн дана аккумулятор жасайды. Оның 60 пайызы Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Беларуське және Қытайға жіберіледі. Берген қаражат «Қайнар» аккумулятор зауытына өнімділікті 3 миллион аккумуляторға ұлғайту мүмкіндігін береді.

Мұнда 2019 жылдың 8 айында 1,5 млн аккумулятор батареясы өндірілген. Соның 55 проценттен астамы экспортқа бағытталды. Зауыт болашақта өнім өндіру көлемін екі есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы