389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 50-ге жуық АҚШ кәсіпорны тіркелген

  • 177
  • UPD: 10:18, 24.09.2019
Атырау облысында 50-ге жуық АҚШ кәсіпорны тіркелген

Атырау облысында 50 елден бір мыңнан астам шетелдік серіктес және бірлескен компаниялар тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде Қазақстан – АҚШ іскерлік қарым-қатынастарының арқасында елуге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Биылғы жылдың жеті айында Атырау облысы мен АҚШ арасындағы сауда-саттық пен өндіріліген өнім көлемі 248 миллион АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт 91 миллионды құраса, облыс аумағына келген тауар көлемі 157 млн долларға жетті.

Қарлығаш Бекбаева, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Атырау облысында 49 Қазақстан – АҚШ бірлескен кәсіпорны жемісті жұмыс істеп жатыр. Олар мұнай-газ және мұнай-химия саласы, инженерлік-барлау қызметі, геология салаларына инвестиция салған. Осы бірлескен компанияларда қазір мыңдаған отандасымыз еңбек ету үстінде.

Хабар 24 телеарнасы