389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» елордада бірнеше жобаны жүзеге асырады

  • 154
  • UPD: 21:56, 25.09.2019
«Самұрық-Қазына» елордада бірнеше жобаны жүзеге асырады

Елорда әкімдігі «Самұрық-Қазына» қорымен де бірлескен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше ірі жобаны бірлесіп жүзеге асырмақ. Айталық, шаһарды көгілдір отынмен қамтуға қордан қомақы қаражат бөлінеді. Қазір «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Алдағы айда салынып бітеді. Ізінше, қала ішіне газ тарту жұмыстары басталмақ. Осы жоба қор тарапынан қаржыландырылатын болды. Одан бөлек, «Самұрық-Қазына» елордаға қосымша 6 мың бейнебақылау камерасын орнатады. Әлеуметтік сала да назардан тыс қалған жоқ. Жаңа атлетикалық кешен мен қазақ драма театры сынды әлеуметтік нысандардың құрылысына қор басшылығы 58 млрд теңге бөлді.

Хабар 24 телеарнасы