389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕЭО-ға мүше елдер арасында кеден салығынан түсетін пайданың тек 7% Қазақстанға тиесілі

  • 177
  • UPD: 16:09, 26.09.2019
ЕЭО-ға мүше елдер арасында кеден салығынан түсетін пайданың тек 7% Қазақстанға тиесілі

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кеден салығынан түсетін пайданың тек жеті проценті біздің елге тиесілі.

Себебі серіктестердің экономикасында диверсификация жоғары. Сарапшылардың пікірінше, бұл жерде экономикалық құрылымдардың да әсері бар. Атап айтсақ, мұнай-газ, ауыр өнеркәсіп, ауыл шаруашылықтарынан пайда мол. Бұдан бөлек, кей елдер кәсіпкерлерін қолдау үшін бірнеше тауарларды өз аумақтарына кіргізуге уақытша тыйым да салған.

Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция орталығының жетекшісі:

– Дотацияның көлемін қайта қарау керек. Қай ел өзінің экономикасын қаншалықты қолдап отырғанын зерделеу қажет. Бізде дотация мөлшері аз. Ал Ресей мен Беларусьте көп. Сондықтан олар бәсекелестікте ұтады.

Хабар 24 телеарнасы