389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БЖЗҚ-ның «Қазатомпром» акцияларын сатып алуы өте тиімді қадам болды – А.Есімов

  • 231
  • UPD: 14:19, 27.09.2019
БЖЗҚ-ның «Қазатомпром» акцияларын сатып алуы өте тиімді қадам болды – А.Есімов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Қазатомпром» акцияларын сатып алуы өте тиімді қадам болды.

Бұндай пікірді «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов білдірді. Яғни, қор осы арқылы өз тарихында алғаш рет қомақты кіріске қол жеткізген. Бұған қоса, биыл IPO-ға 8 компания қатысуы күтіліп отырғаны да белгілі болды. «Бұл компаниялар телекоммуникация, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы ұлттық операторлар», - деді ұлттық әл-ауқат қорының басшысы.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- Өткен жылы «Қазатомпром» акциялары саудаға шығарылып, әлемдік деңгейдегі инвесторлар мен еліміздегі зейнетақы қоры акционер атанған болатын. Содан бері компанияның нарықтық құны 3 миллард АҚШ долларынан 4 миллиард АҚШ доларына өсті. Ал, зейнетақы қорының кірісі 21 миллиард теңгені құрады. Айта ктету керек, бұл қор тарихындағы ең табысты бастама болды.

Хабар 24 телеарнасы