389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде Қазақстанның кәсіпкерлік саласындағы тәжірибесі талқыланды

  • 237
  • UPD: 22:58, 28.09.2019

Уфа қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС елдері шағын және орта бизнесінің форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шарада 30 мемлекеттен келген 3 мыңнан аса маман бас қосты. Қатысушылар бизнесті қорғау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасуда.

Форумға қатысушылар шағын және орта бизнесті қорғаудағы Қазақстанның тың бастамаларын айтып, көпке үлгі етті. «Әкімшілік және бақылаушы органдардың талаптарын қысқарту кәсіпкерлерге көрсетілетін ең басты қолдау», - дейді олар.

Борис Титов, РФ президенті жанындағы бизнес-омбудсмен

Қазақстан бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарды. Қазақ елінде болған және Ресейде әлі де сақталып отырған миллиондаған талаптардың санын 30 мыңға дейін қысқартты. Бізде де осындай жұмыс атқарылады деген үміттеміз.

Қазақстан жеңілдетілген рәсімдеуге үйреніп қалған кәсіпкерлеріміз Ресейдегі бюрократияға наразы. Отандық бизнесмендер солтүстік көршімізге өнімдерін жеткізуде талай қиындыққа тап болатын айтады. Солардың бірі – тауар рәсімдеудің күрделілігі. Мұның салдарынан тез құртылатын өнімдер шекарада ұзақ уақыт тұрып қалады.

Олег Савеленко, ҚР кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бойынша аппарат жетекшісінің орынбасары:

- Қазақстанда біз рұқсат қағаздары мен хабарландырулар санын 70%-ке қысқарттық. Ресейде бұл жұмыс әлі атқарылған жоқ. Әрбір облыста сауда жасаудың өз ерекшеліктері бар.

Ресей өкілдері бұл мәселені мойындап отыр. Мысалға сертификациялаудың қосарланған жүйесін келітурге болады. Бүкіл Ресейге ортақ біріңғай сертификаттардан бөлек, әр аймақтың өз сертификаты бар. Ал бұл Еуразиялық экономикалық одақ ережелеріне қайшы.

Сергей Катырин, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:

- Бұл аймақтарымыздағы әріптестеріміздің өздері ойлап тапқан қулықтары. Бұл орталықтан түсірілген нұсқау емес аймақтық өкіметтердің бастамалары. Жасыратыны жоқ, кейде бұл өз нарығын жабу әрекеті. Осындай мәселе бар екенін білеміз, қазір біз оны үкіметпен талқылап жатырмыз. Бәріне ортақ талаптар болуы тиіс. Арменияда, Қазақстанда және Ресейде.

Форумға қатысушылар тәжірибе бөлісу және бизнес-ортаны жақсарту үшін кәсіпкерлер клубын құруды ұсынып отыр.

Андрей Назаров, Башқұртстан үкіметі премьер-министр орынбасары қызметін атқарушы:

Қазақстан кейбір мәселелерді бізден озып шешеді, әрине олардан үлгі аламыз. Егер кәсіпкерлер осы клубқа қатысқанда, бұрында-ақ осы ойларын бізге жеткізіп, аймақ немесе ел басшылығын осы сауалдарды шешуге итермелейтін еді.

Бизнес-омбудсмендердің мәлімдеуінше, өзара ынтымақтастықты нығайтудағы келесі қадам бірыңғай цифрлық алаңды құру болмақ. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы және БРИКС елдерінің бизнесмендері кәсіп жүргізу тәжірибесімен бөлісе алады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы