389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Грузия тауар айналымын арттырмақ

  • 226
  • UPD: 23:03, 28.09.2019

Грузиядағы Қазақстан елшілігі осы мемлекеттің тауар өндірушілері және жұмыс берушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келіссөзге ұлттық компаниялармен бірге жекеменшік бірлестіктер де қатысты. Қазақстан бизнесмендерін Грузияда не қызықтырады? Тараптар қандай салада серіктестікті дамытпақ?

Қазақстан мен Грузияның достығы берік. Екі ел арасындағы сауда айналымы 90 миллион долларға жеткен. Бизнес өкілдері енді оны еселей түсуге ниетті.

Бауыржан Мұхамеджанов, Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Кездесуде тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруды талқылады. Қазақстан мен Грузия үкіметі оны ұлғайту туралы жол картасына қол қойған. Біз бәсекеге қабілетті тауарлар тізімімен алмасуға келістік.

Басқосуда көп талқыланған мәселенің бірі – көлік логистикасы. Бұл ретте Грузияға қазақстандық бидайды тасымалдау сөз болды. Қазір Қазақстан Грузия және Әзірбайжанмен бірлесіп оның құнын арзандату жағын талқылап жатыр.

Георгий Джахуташвили, инвестициялық компанияның өкілі:

Біз Грузия нарығында ауыл шаруашылығы, туризм секілді түрлі салада жұмыс істеп келеміз. Бизнесіміз негізінен қазақстандық капиталға құрылған. Қазақстандық бастамаларға мемлекет тарапынан да қолдау жақсы.

Жергілікті жұмыс берушілер қауымдастығының мәлімдеуінше, Грузияда өте қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Осы ретте үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау және ыңғайлы салық жүйесін айтуға болады. Мұндай жағдай екі ел арасындағы сауда айналымын да ұлғайтуға септігін тигізеді.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы