389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия машина жасау саласында өз тәжірибелерімен бөлісуге ниетті

  • 232
  • UPD: 20:08, 29.09.2019

Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді.

Былтыр 1 миллиард долларға жуықтаған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда, 30 процентке көп. Биыл да осындай қарқын бар. 7 айдың ішінде оның көлемі 8,3 пайызға, яғни 550 миллион долларға өскен. Чехия Қазақстанды Орталық Азиядағы басты сауда-экономикалық серіктесі санайды. Чех бизнесмендері мен инвесторлары Қазақстандағы кәсіптерін дамытып, ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және машина жасау саласында өз тәжірибелерімен бөлісуге ниетті.

Франтишек Масопуст, ТМД елдері бойынша сауда-өнеркәсіптік палатаның атқарушы директоры:

– Қазақстан - тұрақтылығымен көзге түскен елдердің бірі. Бұл өте маңызды. Біз сіздің елмен ауыл шаруашылығы технологиясы және машина жасау саласында ынтымақтастықты дамытуды қалаймыз. Өйткені машина жасау – Чехияда жақсы жолға қойылған дәстүрлі саланың бірі.

Хабар 24 телеарнасы