389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» қосымша орналастырудың нәтижелерін хабарлады

  • 186
  • UPD: 20:18, 01.10.2019

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының акцияларын сатудан 128,2 млн доллар табыс түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Самұрық-Қазына» қосымша орналастырудың нәтижелерін хабарлады. Оның 6,5 миллионын халықаралық 3,3 миллионын отандық инвесторлар сатып алған.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында жаhандық депозитарлық қолхаттарды қосымша орналастыруы өткен болатын. Оған компанияның 4%-ке жуық акциясы қойылды.

Оның әрқайсысы 13 АҚШ долларына бағаланды. Blumberg агенттігі қолхаттардың орналасуын «сәтті» деп бағалады. Бұған ірі халықаралық инвесторлардың қызығушылығы дәлел. Тек Лондон қор биржасына АҚШ, Канада сияқты бірнеше елден 40 инвестор қатысты.

Ернар Жанәділ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма мүшесі:

- Біздің приватизацияның жоспарында басқа да IPO-ға, SPO-оға тізімінде тұр. Енді оның барлығы үшінші тоқсанның нәтижелеріне байланысты және де нарықтағы коньюктураға байланысты. Егер де инвесторлардың «келеміз, осы акцияны немесе депозиторлық қолхаттарды аламыз» деген дайындығы болса, онда біз міндетті түрде қорға, биржаға шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы