389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ Тоқаев: Еуразиялық экономикалық комиссия тексерісті күшейтуі керек

  • 201
  • UPD: 21:08, 01.10.2019

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен алыс-берісі 6%-ке азайған.

Бұл туралы Арменияда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Президент «сауда-саттықтың төмендеуіне әкімшілік кедергілердің көбеюі себеп» деді. Сондықтан Еуразиялық экономикалық комиссия осы мәселеге жіті мән беріп, тыңғылықты тексеріс ұйымдастыруы керек. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ сотының құзыретін күшейтуді ұсынды.

Өйткені тараптар судьялардың шешімін көп жағдайда елемейді. Осының кесірінен өнімдерін ортақ нарыққа шығарып жатқан кәсіпкерлер шығынға белшеден батуда. Қазақстан президенті Одақ мүмкіндігін тиімді пайдаланудың маңызын атады. Өйткені оның географиялық тұрғыдан орналасуы – Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазір Қытай мен Еуропа елдері арасындағы сауда жанданған. Егер осы дәлізді дұрыс пайдаланса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер толайым көл-көсір табысқа кенеледі.

Хабар 24 телеарнасы