388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипмиссия жетекшілерімен кездесті

  • 196
  • UPD: 21:09, 01.10.2019

Премьер-министр Асқар Мамин Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі диалог алаңында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелерді талқылады.

Нақтырақ айтсақ, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, кеден, қоршаған орта және климаттың өзгеруіне қатысты сұрақтар қаралды. Бұдан бөлек, Кәрі құрлыққа экспортталатын қазақстандық өнімдерді көбейту жайы сөз болды.

Еске салайық, Қазақстанға тартылған инвестициялардың жартысынан көбі осы Еуроодаққа мүше мемлекеттерге тиесілі. Соңғы 14 жылда олар елімізге 150 миллиард доллар көлемінде қаржы құйыпты.

Хабар 24 телеарнасы