389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның сырт елдермен сауда-саттығы 3 млрд АҚШ долларынан асты

  • 206
  • UPD: 22:38, 01.10.2019
БҚО-ның сырт елдермен сауда-саттығы 3 млрд АҚШ долларынан асты

Батыс Қазақстан облысының сырт елдермен сауда-саттығы 3 миллиард АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың негізгі серіктестері Италия, Канада, Иран, АҚШ және Түркия мемлекеттері. Әрине, іргедегі Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен де алыс-беріс артып келеді. Аймақ кәсіпорындары негізінен құрылыс материалдарын, минералды азық-түлік пен тағам өнімдерін экспорттайды. Соңғы жылдары ет және өңделген ет өнімдерінің саудасын қызды. Алыс-жақын шетелдерде өңірдің макарон өнімдеріне де сұраныс жақсы. Мәселен, Оралдағы еуропалық технологиямен жабдықталған нан комбинаты өнімнің оннан аса түрін шығарады.

Денис Омашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 2018 жылы осы мекемеден мысалы 5500 тонна өнім өндірілген болатын. Бұл мекеме негізгі өнімнің 40%-ін Қазақстанда қалдырып, қалған 60%-ін облыстан тыс жерлерге және экспортқа шығаруға бейімделген кәсіпорын.

Ғалым Бекқалиев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Көршілес елдермен біздің тауар айналымымыз 368 миллион доллар құрады. Оның көбісі экспорттық құрам болып есептеледі. Атап өткендей, біздің үлкен ірі компаниялардың шығарып жатқан өнімдері осы көршілес елдерге, соның ішінде РФ-ның облыстарына шығарылып жатқан өнімдер.

Хабар 24 телеарнасы