389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай автозауыты экспорт көлемін арттырып келеді

  • 229
  • UPD: 08:34, 03.10.2019
Қостанай автозауыты экспорт көлемін арттырып келеді

Қостанай автозауыты жылдан жылға экспорт көлемін арттырып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, былтыр небәрі 300-дей автокөлік шетелдерге сатылса, биыл бұл көрсеткіш 1300-ден асып түсті. Оның басым бөлігі Ресейге өткізілген. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Қостанайда құрастырылған жол талғамайтын жеңіл және жүк көліктеріне сұраныс зор. Тұтынушылар қатарында Ресейден тыс Қырғызстан, Тәжікстан сияқты Орта Азия елдері де бар. Бірақ отандық автоөндірістің негізгі мақсаты – теріскейдегі көршіміздің алып нарығына дендеп ену. Сол үшін іргелес жатқан Ресейдің ірі қалаларында диллерлік орталықтар, сервистік қызмет көрсету орындарын ашу жұмыстары жүріп жатыр.

Сергей Могилатов, Қостанай автозауыты директорының орынбасары:

- Отандық автоөндірістің экспорттық әлеуеті жоғары деп білемін. Қазір осы бағытта тынымсыз жұмыс жүргізіп жатырмыз. Келер жылы тек қана Ресейге 3500 автокөлікті экспорттауды жоспарлап отырмыз, яғни биылғы межеден 3 есе көп.

Хабар 24 телеарнасы